Previous Next

Сырым Датов атындағы Сырым аудандық өлкетану мұражайы

Сырым Датов атындағы Сырым аудандық өлкетану мұражайы 2002 жылы Жымпиты ауылында халық батырының туғанына 260 жыл толуына орай ашылды.

Мұражайда археология, табиғат, этнография бөлімдері, қазіргі заман тарихы залы жұмыс істейді. Ең үлкен экспозиция Сырым Датов бастаған ұлттық азаттық қозғалысына арналған.

Мұражай экспонаттарының ішінде тас дәуіріндегі тұрмыстық заттардың сирек кездесетін үлгілері бар: тас құрбандық орындары, тас жебелердің ұштары, балталар. Бұл заттардың барлығы Сырым ауданы аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Мұнда зергерлік әшекейлердің, белдіктердің, әскери қару-жарақтың, Сырым Датұлы заманының құжаттарының, сондай-ақ Алаш Орданың батыс бөлімінің тарихына қатысты құжаттардың түпнұсқалары қойылған.

090000, Қазақстан Республикасы,

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы, Жымпиты ауылы

 

 

info@visit-uralsk.kz
+7 7112 510751