Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловтың тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 13 шілдеде БҚО МКД, БҚО ТЖД, БҚО ССЭК, БҚО УПИИР, Теректі ауданы әкімдігінің және "Атамекен"өңірлік палатасының өкілдерімен Теректі ауданының Шалқар көліне шығу жүзеге асырылды. Сапар аясында кәсіпкерлер мен Шалқар көлінің маңында орналасқан Сарыомир кентінің тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында демалыс аймақтарына келушілердің қауіпсіздігін қорғау жөніндегі шаралар, Шалқар көлі аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары туралы ақпарат берілді.