Орал -7°C
ҚАЗ
 
Previous Next

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Бұл музей Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі. Ол 1832 жылы ұйымдастырылған. Қазір ол 1879 жылы орыс-қазақ мектебі үшін шығыс стилінде салынған тарихи-сәулет ғимаратында орналасқан.

Мұражайдың өз филиалдары бар: Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың мұражай-үйі, Е. Пугачевтің мұражай-үйі, суретші С. Ғұмаровтың мұражай-үйі, Орал қаласындағы табиғат және экологтар мұражайы, Зеленов ауданы, Дарьинск ауылындағы белгілі жазушы М. Шолоховтың мұражай кешені, Сырым Датұлы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы.

Мұражайдың бай қоры бар, онда 102917 экспонат сақталған. Олардың арасында қолданбалы өнер бұйымдары, батырлардың әскери қару – жарақтары, ат әбзелдері, хан скипетрі, Жәңгір ханның әйелі Фатима ханым қамзолының көшірмесі, Кіші жүз хандарының көркем портреттері және Орал өңірі тұрғындарының тұрмыстық заттары бар.

Мұражайда археология, Алтын Орда кезеңінің орта ғасыр тарихы және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облысының өнер, әдебиет, ғылым және білім тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы залдары бар.

090000, Қазақстан Республикасы,

Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 184,

тел: 8 (7112) 506528, 505165, 511952 

 

 

 

info@visit-uralsk.kz
+7 7112 510751
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Бүгін 28

Кеше 128

Осы жұмада 522

Осы айда 3494

Барлығы 114774

Kubik-Rubik Joomla! Extensions