Орал -7°C
ҚАЗ
 
Previous Next

В.И. Чапаев атындағы мұражай

Азамат соғысының батыры В.И. Чапаевтың мемориалдық мұражайы Орал қаласынан 125 км жерде, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Чапаев ауылы ХІХ ғасырдың соңында "Сүндай" форпосты ретінде құрылды, кейінірек "Лбищенск" ауылы деп аталды. 1941 жылы В.И. Чапаев басқарған 25-атқыштар дивизиясының штаб ғимаратында мемориалдық мұражай ашылды.

1977 жылы мұражай аумағында қосымша ғимарат салынды. Онда дивизия мен ауданның тарихы туралы экспозициялар ұсынылған. Қазіргі уақытта мемориалдық кешеннің 5 залында 2 мыңнан астам экспонат орналастырылған.

Мұражайдың бірінші қабатында саяси қызметкерлер мен штаб бойынша кезекшінің кабинеттерін бастапқы түрінде көре аласыз. Сондай-ақ, самовар, картоп пісірілген шойын қазан, шай ыдыстары, Лбищенск ауылы үшін шайқастарға қатысқан Максим пулеметі бар.

Мұражайдың екінші қабатында азамат соғысының батыры В.И. Чапаев туралы экспонаттар мен мәліметтер орналасқан. Бұл оның үстелі, қабырға сағаты, керосин шамы, қалам және сия. сведения о герое гражданской войны В.И.Чапаеве. Это его письменный стол, настенные часы, керосиновая лампа, ручка и чернила.

090000, Қазақстан Республикасы,

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы

 

info@visit-uralsk.kz
+7 7112 510751
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Бүгін 62

Кеше 119

Осы жұмада 869

Осы айда 2895

Барлығы 114175

Kubik-Rubik Joomla! Extensions