БҚО-да Мәншүк Мәметова атындағы заманауи халықаралық әуежай терминалы іске қосылды
Заманауи әуежай терминалының іске қосылуы - облыс тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін елеулі оқиға. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында халықаралық әуежайға қазақтың қаһарман қызының есімі берілді.
Жаңадан салынған әуе айлағы өңірдегі туризмнің дамуына, жолаушылар ағынын ұлғайтуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, әуе көліктері арқылы жүк айналымын арттыруға қуатты серпін береді.
Құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 60% құрайды. Атап айтқанда, әуежай құрылысында пайдаланылған әйнек, керамикалық тақта, санфаянс, жиһаз және т.б. материалдар - өз елімізде шығарылған өнім.
Сонымен қатар, жаңа заманауи жүйе енгізілген әуежайдың аумағы толығымен абаттандырылып, жолаушылардың демалысы мен тынығуы үшін саябақ салынды.
Сондай-ақ, халықаралық әуежай терминалы – жергілікті құрылыс компаниялармен салынған. Терминал аумағы 10 000 ш.м.. Тұрақ орындарының саны 120. Жолаушыларды өткізу жылына 600 мың адамға дейін.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, әуежайға орнатылған жаңа құрылғылар шамамен 2 ай уақыт мерзімде сынақ режимінде жұмыс жасайтын болады.