"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 15-баптың 2-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін дара кәсіпкерлер ретінде жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Заңға сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, өңірде заңды қызметті жүзеге асыратын және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған туроператор-лицензиаттардың тізімін ұсынамыз:
- "Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу қоры" жеке қоры, келу және ішкі туризм саласындағы қызмет түрі;
- "SAYAT" этно-туристік орталығы " ЖШС, келу және ішкі туризм саласындағы қызмет түрі;
- "Nurbergen Health Resort" ЖШС, кіру және ішкі туризм саласындағы қызмет түрі.