«Евразия» туристік сауықтыру кешені Орал қаласының жасыл желекті аумағында, Деркөл өзенінің жағалауында орналасқан. 2003 жылы «Евразия» туристік сауықтыру кешені бұрынғы Дружба лагерінің орнына ауыстырылды. Лагерде жайлы 8-6-4 орындық бөлмелермен қамтылған 5 корпус пен 120 орындық барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген асхана бар.Бір мезгілде 200 адамды қабылдай алады.
Комплекстің барлық ғимараттарында жылу жүйесі және салқын және ыстық су жүйелері орнатылған. Территорияда алты беседка және жазғы эстрада, футбол, волейбол алаңдары, қайық және шаңғы базалары, жағажай (қысқы мезгілде сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы трассасы салынады) бар.Каникул кездері балалар лагері жұмыс жасайды. Лагерь уақыты күзгі,қысқы,көктемгі каникул кездерінде 3-5 күнді құраса, жазғы каникул кезінде толықтырылған бағдарламалы 12 күндік лагерь жұмыс жасайды. 2013жылдың тамыз айында «Ең үздік жазғы демалысты ұйымдастыру» атты Республикалық байқауда «Қала сыртындағы ең үздік балаларды сауықтыру лагері» номинациясы бойынша 1ші орынды жеңіп алды.
«Евразия» туристік сауықтыру кешені барлық белсенді демалысты қолдаушыларды, табиғатты сүюшілерді табиғат аясында мерекелік шаралар мен денсаулық күндерін өткізуге экспедиция және жорықтарды өткізуге шақырады.
Мекенжайымыз: БҚО, Орал қ. Лагерная көшесі 6
Тел.: 8 (7112) 52–59–42; 25–68–03
Сот.: +7 777 791 54 62
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.