Орал -2°C
ҚАЗ
 
Previous Next

Көркем Шаған өзенінің жағасында 2012 жылдың жазында "Самал" туристік лагері есігін айқара ашты, содан бері ол белсенді демалушылар арасында танымал болды.

"Самал" туристік лагері - бұл жайлы 8-6-4 орындық нөмірлері бар тұрғын үй ғимараты, қонақ үй, әкімшілік корпус және 70 орындық асхана. Аумақта жабдықталған жағажай, спорт алаңдары және шаңғы базасы бар.

Демалыс уақытында "Самал" ТЛ аумағында балалар лагері ұйымдастырылды. Қысқы, көктемгі, күзгі ауысымдар 3-5 күнге созылады. Жазғы ауысым - 10 күн. "Самал" туристік лагері сіздерге жаппай демалысты ұйымдастыру бойынша бірқатар қызметтерді ұсынады: оқушылар мен студенттер үшін оқу – жаттығу жиындарын өткізу, туристік жабдықтар мен жарақтарды пайдалана отырып, корпоративтік іс-шаралар мен таза ауада отбасылық демалысты ұйымдастыру. Клиенттердің қалауы бойынша көлік ұсынамыз және кешенді түскі ас ұйымдастырамыз. Өтінімдерді алдын ала қабылдаймыз.

Біздің мекен-жайымыз:

Орал қаласы. Ақжүніс Көшесі, 100

Телефон: 8 711 (2) 25-25-40

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

 

info@visit-uralsk.kz
+7 7112 510751
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Бүгін 94

Кеше 106

Осы жұмада 460

Осы айда 3432

Барлығы 114712

Kubik-Rubik Joomla! Extensions