
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай “Балалар -өмір гүлі” атты фестивалі өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 18-20 мамыр аралығында Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында туризм, спорт және белсенді өмір салты бойынша «Qazaqstan Live Fest 2023» халықаралық көрмесі жоспарланғанын хабарлаймыз.
Кездесуде облыс әкімі Испания Корольдігімен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді логистика, медицина және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру дайындығы талқыланды.
Соңғы уақытта туроператорлардың кінәсы бойынша қазақстандық туристердің шет елдерде ақысы төленген орынсыз немесе кері қайтатын билетсіз қалған жағдайлар жиі орын алатын болды . Осы проблеманы шешу үшін ҚР азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді, оның әкімшісі «Туристік қамқор» корпоративтік қоры болды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, кеме жалдаушы-туроператор, Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы әкімші және Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы болып табылады.