Бүгін 18 мамырда Қазақстандағы Shell концернінің төрағасы мен вице-президенті Х. Бурмайстер мен облыс әкімі Ғ.Н. Есқалиев арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында әлеуметтік жобалар, атап айтқанда, Shell LiveWIRE, StudentEnergyChallenge бағдарламалары, жол қауіпсіздігі жобасы, Nxplorers және басқалар. Сонымен бірге жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып, мұнай-газ саласы мамандарын даярлау жобасы ұсынылды.
Shell компаниясының өкілдерінің жұмыс сапары аясында ағымдағы жылдың ақпан айында ашылған қолөнер орталығында болып, «Өрлеу» жобасына қатысушы қолөнершілермен кездесу ұйымдастырылды.