Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимараты, қазіргі қазынашылық
Ғимарат авторларының бірі азаматтық инженер М. Клементьев. Мемлекеттік Банктің Орал бөлімшесі 1876 жылы ашылды. 1908 жылдың тамызында бөлім учаске сатып алды, 3 үй бұзылды және 1912 жылы мемлекеттік Банк бөлімшесі ғимаратының құрылысы аяқталды. Жылу мен желдетуді 1912 жылы Мәскеу қаласындағы ағайынды Кертинг орыс қоғамы жабдықтады. Ғимараттың үш қабатты тұрғын бөлігі 1932 жылға дейін пәтерлерге бөлінді. 1932 жылдан 1968 жылға дейін ғимараттың қызметтік үй-жайлары мен тұрғын бөлігінде Қазақстан КП облыстық комитеті, 1968 жылдан 1975 жылға дейін ғимараттың осы бөлігінде халықтық бақылау облыстық комитеті, облыстық қаржы бөлімі және облыстық кәсіптік-техникалық білім басқармасы орналасты, ал 1975 жылдың қаңтарынан бастап ғимаратты КСРО Мемлекеттік банкінің облыстық кеңсесі толығымен алып жатыр. 1998 жылдан-облыстық қазынашылық басқармасы.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі ,16