Орал -8°C
ҚАЗ
 
Previous Next

Қазақ облыстық драма театрының ғимараты

2002 жылдың 11 қыркүйегінде театр ғимаратының ашылуы бүкіл республиканың мәдени өмірі үшін маңызды оқиға болды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б. в. (КПО) әлеуметтік бағдарламасы аясында салынған қазақ драма театрының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл Тәуелсіз Қазақстанда салынған алғашқы театр және Орал қаласының тарихи орталығында бірегей нысан болып табылады. Театрдың негізгі көрермендер залы 280 орынға есептелген. Сахна көлемі-15 метрден 21 метрге дейін. Екі дайындық залы, қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған холл, құрметті қонақтарға арналған зал, декорациялар дайындау цехы, заманауи Топ-студия және бірқатар қосалқы үй-жайлар бар. 13 жыл ішінде театр ұжымы Республикалық театр фестивальдерінде екі рет жеңіске жетіп, республика бойынша үздіктердің бірі ретінде 2005 жылы Мысырдағы Халықаралық театр фестивалінде Қазақстанның драма өнерін паш ету құрметіне ие болды. Қазақ драма театры түрлі өнер мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларының мүдделері кездесіп, іске асырылатын нағыз мәдени орталыққа айналды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 185

info@visit-uralsk.kz
+7 7112 510751
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Бүгін 101

Кеше 119

Осы жұмада 908

Осы айда 2934

Барлығы 114214

Kubik-Rubik Joomla! Extensions